Президент: Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз бойынша 526 мың адам әкімдікте үй кезегінде тұр.
Әйтсе де, депозит ашып, үй алу мүмкіндігін арттырған қазақстандықтардың саны күн сайын көбейіп келеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада мемлекеттік наградаларды марапаттау салтанатында айтты.
Адамдардың жай тұтынудан жинақтаудың қажеттілігін түсіне бастағаны маңызды. Бүгінде "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде" 1,5 млн салым ашылған. Олардың 526 мың адамы әкімдікте үй кезегінде тұр. Ал 200 мыңға жуық адам ақша жинап жатыр. Бұл дегеніңіз олар өздерінің үй мәселесін оңай жолмен шеше алатынын білдіреді. Жауапкершілігі жоғары ата-аналар 180 мың балалар депозитін ашқан, - деді президент.
Мемлекет басшысы "Бақытты отбасы" бағдарламасының нәтижелері жақсы болғанын атап өтті. Қазір Үкімет президент тапсырмасымен аталған бағдарламаны 2020 жылы кеңейтудің жолдарын әзірлеп жатыр.
2019 жылы 4 мың аз қамтылған отбасы "Бақытты отбасы" бағдарламасының арқасында жаңа үйге кірді. Бұл бағдарламада заем жылдығына 2% беріледі. Алғашқы жарна – 10%, заем мерзімі – 20 жылға дейін. Әрине, бұл да әлі аз. Қазір арқаны кеңге жаятын уақыт емес. Тұрғын үй мәселесіне қатысты жағдайды түбегейлі өзгерту керек. Бұл сұрақ әрдайым жіті назарда болады. Тұрғын үймен қамтамасыз ету – мемлекеттік әлеуметтік саясатындағы басымдық. Сондықтан қосымша шаралар қабылданады. Үкімет "Бақытты отбасы" бағдарламасының тәжірибесін кезекте тұрған барлық азаматқа ыңғайлап әзірлеп жатыр. Үкіметке осы бағдарламаны 2020 жылы кеңейтуді тапсырдым. Басқа сөзбен айтқанда, азаматтарымызды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесіне бірінші кезекте назар аударылады. Бұл жұмыстың нәтижесін көретін күн алыс емес деп ойлаймын, - деді президент.
Айта кетейік, Қазақстан президенті қандай шенеуніктерден бас тартатыны туралы айтты.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық шопан Есет Өтесовке ІІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" орденін табыстады.
Иманғали Тасмағамбетовтің қызы София Тасмағамбетоваға "Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері" атағы берілді.
Қазақстан президенті бүгін "Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы, "Отан" ордені, І дәрежелі "Барыс" ордені, ІІ дәрежелі "Барыс" ордені, ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағы, "Парасат" ордені, ІІ дәрежелі "Достық" ордені, "Құрмет" ордені, ІІ дәрежелі "Еңбек даңқы" ордені, ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаттарын марапаттады.
Марапат алған тұлғалардың арасында Роза Рымбаева, Илья Жақанов, Сауытбек Әбдрахманов, Ерлан Қарин, Берік Уәли, Димаш Құдайберген бар. Толық тізімді мына сілтемеден оқи аласыз.