Тұрғын үй құрылысында жергілікті қамту көлемі артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыру туралы ҚР ИИДМ-ге тапсырма берді. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді. 

Министрлік нарықтың осы саласында 24 негізгі позиция бойынша талдау жүргізді (темір-бетон бұйымдары, құрғақ қоспалар, линолеум, тұсқағаздар, санфаянс, қабырға блоктары, кірпіштер, жылу оқшаулау, профильді парақтар, пластикалық құбырлар және т.б.). Отандық өндірушілер 10 позиция бойынша ішкі нарықтың қажеттілігін толығымен өтейді (темір-бетон бұйымдары, құрғақ қоспалар, қабырға блоктары, кірпіштер және т.б.). 

11 өнім түрі бойынша еліміздегі кәсіпорындар өндірістің шамамен 50% (жылу оқшаулау, профлисттер, пластикалық құбырлар және т.б.) қамтамасыз етеді. Ал 3 позиция бойынша (линолеум, тұсқағаз, санфаянс) қазіргі уақытта ішкі нарықта өндіріс жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы