Тұрғын үй кезегінде тұрған 120-дан аса алматылық үйлі болды
Тұрғын үйге кезекте тұрған алматылықтарға пәтер кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жалға берілетін пәтерлер халықтың әлеуметтік осал тобы ретінде кезекте тұрған азаматтарға коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінді. «Шұғыла» шағын ауданындағы «Alem City-2» тұрғын үй кешенінде 124 пәтер орналасқан.
Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева жаңа пәтер иелерін құттықтап, қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасаудың маңыздылығын атады. 2024 жылы 2 мың жалға берілетін пәтер бөлу жоспарланып отыр, оның 400-і жетім бала.
Пәтер иелері ай сайын жалдау ақысы мен коммуналдық қызметті үшін төлеуі керек. Наурызбай ауданында бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтер 15 мың теңгеге жуықтайды, үш бөлмелі пәтер шамамен 20 мың теңге.
Бағдарламаның шарты бойынша пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады.
Баспаналы болған тұрғының бірі Үміт Құрманәлиева қала әкімі Ерболат Досаевқа үй алу туралы арманын орындағаны үшін алғыс айтты.