Тұрғымбаев қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев ардагерлер мен әріптестерін Отан қорғаушылар және Ұлы Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 

Барлық ардагерді, әскери қызметшіyі, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерін Отан қорғаушылар күнімен және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтаймын! Бұл қос мереке өзара тығыз байланысты бола отырып, ұрпақтар байланысын және Отанға қызмет ету дәстүрлерінің сабақтастығын бейнелейді. Бүгінгі және болашақ ұрпақтың жадында Отан қорғаушылардың ерлігі мен батырлығы, олардың туған жерге деген шексіз адалдығы мен махаббаты мәңгі сақталады. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері сол жылдардың даңқты дәстүрлерін қасиетпен сақтап және оны арттыра түсетіндігіне, құқықтық тәртіпті қорғау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау бойынша өз қызметтік және әскери борыштарын абыроймен орындайтындарына сенемін. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, ырыс-береке және бейбітшілік, Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметте табыс тілеймін, - деді ІІМ министрі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы