25 Ақпан 2022 2022, 12:58
Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ерлан Тұрғымбаев Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды, - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.