Тұрғымбаев ерлікпен қаза болған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасына қандай көмек көрсетілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
Ол дипломатиялық өкілдіктерді, инвестиция субъектілерін және шетел компанияларының бизнесін қорғау бойынша шаралар қабылдау керегін айтты.
Қазіргі уақытта ішкі істер органдары ерекше режимде қызмет атқарады.
Аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзеті күшейтілді. Дипломатиялық миссиялардың ғимараттарына қосымша қарулы бекеттер қойылды. Мамандандырылған күзет қызметімен 73 дипломатиялық миссия күзетіледі, -деді Е.Заманбекұлы.
Сондай-ақ Тұрғымбаев қайтыс болған әскери қызметкерлердің және ішкі істер органы қызметкерлерінің отбасыларына біржолғы өтемақы төленетінін мәлімдеді.
Жақында қаңтарда террористер қолынан полиция мен Ұлттық ұланның 8 қызметкері қайтыс болды, 2911 – жарақат алды. Ерлікпен қаза болғандар 2-ші және 3-ші дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Олардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Одан бөлек, заң бойынша қызмет міндетін атқару барысында қайтыс болған қызметкердің отбасына 5 жылдық қызметтік қаржысы және жерлеу үшін 3 айлық өтемақы төленеді, -деді Ішкі істер министрі.