Тұрғымбаев: Бастысы мақсат – азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев елордалық гарнизонның бөлімшелерін аралап, қызмет барысын және жол қозғалысы қауіпсіздігін тексерді. Сондай-ақ, ведомство басшысы қазақстандықтарды келіп жеткен 2022 жылмен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан полициясы азаматтардың мерекені жақсы қарсы алып, қауіпсіз жүруі үшін күндіз-түні қызмет етеді. 30 мыңға жуық полиция қызметкері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қадағалауда. Қалаларда тәулік бойы кезекшілік ету үшін арнайы 110 модульдік полиция бекеті және “дабыл түймелері” орнатылды. Азаматтар көп жиналатын жерлерде, көшелермен аулаларда автопатрульдер мен жаяу нарядтар жұмыс жасайды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі де қатаң бақылауда - дед министр.

Сонымен қатар Ерлан Тұрғымбаев полицияның басты мақсаты не екенін түсіндірді.

Қазір біз Жедел басқару орталығында тұрмыз. Қиын жағдай болғанда, азаматтарға көмек керек кезде осы орталыққа, еліміздің түкпір-түкпірінен арыз-шағымдар, өтініштер келіп түседі. Біздің ең бастысы мақсатымыз – азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдау. Құрметті отандастар! Жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін!, – деді Ерлан Тұрғымбаев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Ішкі істер министрлігінің әрдайым азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайын екенін жеткізді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы