Тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрған 270 мыңнан аса адам анықталды
Бұл туралы депутаттың сауалына берген жауабында ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның сөзіне қарағанда, еліміздің барлық өңірлеріндегі аумақтық ішкі істер органдары жедел профилактикалық шараларды жүргізе отырып, ішкі көші-қонға бақылауды күшейту жөніндегі жұмыстарды атқарып жатыр.
2022 жылы өткізілген іс-шаралардың нәтижелері бойынша тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұрғаны үшін жалпы ел бойынша 272,5 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар шын мәнінде тұрмайтын адамдарды тіркеген және тиісті тіркеусіз тұруға рұқсат берген 2,9 мың тұрғын үй иесі анықталды.
Сонымен қатар ол шетел азаматтарын көші-қон заңнамасына сай тіркеу мәселесіне тоқталды.
"Учаске" жалпы республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында шетел азаматтары тұрып жатқан жерлер тексерілген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өскеменде өртеніп жатқан үйден 4 адам құтқарылды
Келесі жаңалық
Тараз бен Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
Өзгелердің жаңалығы