Турбуленттілік аймағына түсіп қалған ұшақта бір жолаушы көз жұмды
Лондоннан Сингапурге бет алған ұшақ қатты турбуленттілік аймағына түсіп, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ ВВС-ге сілтеме жасап.
Boeing 777-300ER ұшағында тағы бірнеше адам жарақат алған.
Осылайша, әуе кемесі Бангкокке қонуға мәжбүр болды.
Белгілі болғандай, ұшақ Бенгал шығанағынан өткен соң санаулы секундтардың ішінде 1800 метрге бірден төмендеп кеткен.
SQ 321 рейсінің бортында 211 жолаушы мен 18 экипаж мүшесі болғаны айтылуда.
Singapore Airlines қайтыс болған жолаушының отбасына қайғыра көңіл айтады, - делінген хабарламада.
Әуе компаниясы сондай-ақ Таиланд билігімен бірге жолаушыларға медициналық көмек көрсетіп, қосымша көмек ұсыну үшін Бангкокқа команда жіберіледі деп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бұқтырма су қоймасында елдегі ең үлкен көпір салынып жатыр
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы