"Тұрақсыз кезеңдеміз": Жозеп Боррель әлемдегі жағдай туралы айтты

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және кауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі – Еуропалық Комиссияның вице-президенті Жозеп Боррельмен әлемдегі геосаяси жағдай мен ондағы Қазақстанның рөлін туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол еліміздің Европа мен Азияны байланыстырып тұрған көпір екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстан ауқымды әрі саяси-экономикалық реформалар жолына түсті. Біз мұндай экономикалық және саяси реформаларды қолдаймыз. Адам құқытары мен негізгі бостандықтары қорғау және  оны насихаттау -  демократиялық әрі инклюзивті қоғамның кілті. Біз ең бастысы, Қазақстанның өз болашағын өз бетінше таңдау қабілетіне қолдау көрсетіп жатырмыз, - деді Жозеп Боррель Сыртқы істер министрлігінде өткен кездесуде.

Боррель әлемдегі геосаяси жағдай жөнінде сөз қозғады. Оның айтуынша, әлем тұрақсыз кезеңде тұр.

Соңғы 5 жылда мен бұл мәселені көп қозғадым. Украинадағы жағдайды басқа өңірде болып жатыр . Біз Газа секторындағы қорқынышты трагедияны бақылап отырмыз, - деді Еуропалық Комиссияның вице-президенті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы