Тұран жолбарысын тірілте алдық па?
Бүгін Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры (WWF) жобасының аясында Тұран жолбарысы Орталық Азияға оралды. Ең қолайлы жер ретінде Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы, Есіл өзенінің атырабы мен оның шығыс жағалауы таңдалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
20 ғасырдың басында әлемдегі жолбарыс популяциясы шамамен 100 мың басқа жеткен, ал қазіргі таңда тек 5000-нан астам жолбарыс бар. Жолбарыстың тіршілік ету аймағына жататын елдер ретінде әлемдік қауымдастықта 13 мемлекет саналады: Бангладеш, Бутан, Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Камбоджа, Қытай, Лаос, Малайзия, Мьянма, Непал, Ресей, Таиланд. Ал Қазақстан реинтродукция процесінде.
Қазақстанға әкелу туралы шешім қалай қабылданды?
Зерттеу нәтижесінде Тұран жолбарысы мен Амур жолбарысынан айырмашылығы жоқ екені дәлелденді. 1970-жылдары жойылып кеткен Каспий жолбарысының геномы талданған кезде, оның Амур жолбарысымен практикалық тұрғыдан бір түрге жататыны анықталды. Жолбарыстардың көбі 3-4 жасында алғаш рет ұрпақ әкеледі. Әдетте, жолбарыс 2-3 жылда бір рет тууы мүмкін. Ұрғашысының жүктілігі 97-112 күнге (орташа 103 күн) созылады. Жолбарыс аландарын наурыз-сәуір айларында күшіктейді. Әдетте, бір туғанда 2-4 бірден дүниеге әкеледі, сирек жағдайда 1 немесе 5-6 болады. Ұрғашы жолбарыстардың жыныстық жетілуі 3-4 жаста, ал еркегінде 4-5 жаста болады. Өмір бойы ұрғашы жолбарыс 10-20 алан әкеледі. Жолбарыстың өмір сүру ұзақтығы 26 жылға дейін жетеді. Алынған ұрпақ 1,5-2 жаста табиғатқа жіберіледі, оларды спутниктік белдіктермен жабдықтап, бақылау жүргізу жоспарлануда.
Амур жолбарысы қалай Тұран жолбарысына айналмақ?
Қазіргі таңда ғылыми тұрғыдан «амур», «тұран», «бенгаль» атаулары популяциялардың географиялық таралуын ғана білдіреді. Негізінде олар әртүрлі түрге жатпайды.
Тұран жолбарысының тарихи ареалы Әзербайжан, Армения, Абхазия, Иран, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, Тәжікстан, Өзбекстан, Солтүстік Ирак, Сирия, Ресейдің оңтүстігі, Қазақстанның оңтүстігі, Түркменстан және Түркияны қамтыған. Тұран жолбарысы үлкен түрше болып саналып, салмағы мен мөлшері бойынша бенгаль жолбарысына жақын болады. Ең ірі еркегінің салмағы 240 килограмға дейін салмақ тартыпты. Терісі үнді жолбарыстарына ұқсас болған, бірақ жолақтары айтарлықтай тар және тығыз, қарадан гөрі қою сұр немесе қоңыр түсті. Реинтродукциядан кейін Қазақстанға көшірілген амур популяциясының жолбарыстары, тұрақты популяцияны қалыптастырған жағдайда, аумақтық белгі бойынша тұран популяциясының жолбарыстары болып автоматты түрде саналады.
Әлемде жолбарыстың қанша түрі бар?
- Амур жолбарысы – Ресейдің Шығысындағы (750), Қытайдың солтүстігінде (60).
- Бенгал жолбарысы (Корольдік бенгал жолбарысы) – Үндістан (3000), Бангладеш (114), Непал (300), Бутан (131), Мьянма (36).
- Үндіқытай жолбарысы (Корбет жолбарысы) – Камбоджа, Мьянма, Оңтүстік Қытай, Лаос, Таиланд (148), Малайзия және Вьетнам.
- Малай жолбарысы – Малайзия (150).
- Суматра жолбарысы – Индонезия (550).
Жойылып кеткен түрлері:
Тұран жолбарысы– Орталық Азия, Кавказ, Иран, Түркия.
- Бали жолбарысы – Бали аралы.
- Ява жолбарысы – Ява аралы.
- Оңтүстік Қытай жолбарысы – Оңтүстік Қытай
Еске салайық, бұған дейін Амур жолбарыстарының Қазақстанға әкелінгенін жазған едік.