16 Қазан 2022 2022, 02:35

«Turan Barysy»: Түркістанда қазақ күресінен Азия кубогі өтеді

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогі өтеді деп хабарлады BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

29 қазанда Түркістан қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия кубогі өтеді деп хабарлады BAQ.KZ turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлттық спортты дамыту мақсатында өтетін дәстүрлі турнирге Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері – Түркия, Түрікменстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысады.

Кубок «командалық бетпе-бет» олимпиадалық жүйесі бойынша өтеді.

Балуандар 55, 60, 66, 74, 82, 90 келіге дейін және 90 келіден ауыр салмақ арасында белдесетін болады.

Сайысты тікелей эфирден Qazsport пен TRT Avaz телеарналары көрсетеді.