Тұрақты қорғаудың арқасында ақбөкендер саны екі есе өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Данияр Тұрғанбаев мәлім етті.

Ақбөкендерге ерекше назар аударғым келеді, оларды тұрақты қорғаудың арқасында олардың саны 842 мыңға жетті, 2019 жылы олардың жалпы саны 334,4 мың болған еді. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін, оның ішінде киіктерді қорғауды «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мекемесі жүргізеді. Онда 430 инспектор және жүріп өту мүмкіндігі жоғары 152 бірлік жол талғамайтын автокөлік құралдары жұмылдырылған, -деп атап өтті ол.

Сонымен қатар Данияр Тұрғынбаев броконьерлерден жануарларды қорғау кезінде 2019 жылы үш инспектор қайтыс болғанын мәлімдеді. Қайғылы оқиғаларға байланысты Мемлекет басшысы браконьерлікпен күрес бойынша түбегейлі және кейінге қалдыруға болмайтын шараларды қабылдауға тапсырма бергенін жеткізді.

Мәселен, 2020 жылғы қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен санкцияларды қатаңдату бөлігінде 335 және 337-баптарға түзетулер күшіне енді, яғни кей теріс қылықтар қылмыс ретінде қаралады, сондай-ақ 337-бапқа 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясымен жаңа 6 бөлім енгізілді, -деді ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы