Тунис жағалауы жанында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тунис жағалауы жанында мигранттар мінген кеме апатқа ұшырап, 48 адам қаза тапты. Италияға бағыт алған кемеде барлығы 53 адам болған. Қалғандарын іздеу жалғасуда, деп хабарлады korrespondent.net.

Таңертең Тунистің жағалау күзеті бөлімшелері 13 адамның мүрдесін анықтады. Осылайша, қаза болғандардың жалпы саны 48-ге жетті, - деп хабарлады басылым.

Тунистің оңтүстік-шығыс жағалауында батқан кеменің бортында Африка елдерінен 53 мигрант болған.

Қалған мигранттарды іздеу жалғасуда, - деп хабарлайды басылым.

Алдын ала тергеу мәліметтері бойынша, кеме Сфакс қаласының маңындағы Италия жағалауына қарай Кернен аралдарына жақын жерде суға батқан.

Өткен жылы Тунис Еуропаға жетуге тырысатын мигранттардың маңызды жаңа бағытына айналды. Ал Кернен негізгі заңсыз жөнелту орындарының бірі екені белгілі, - дейді korrespondent.net. 
Естеріңізге сала кетейік, бұрын Сицилияға белгісіз кеме 400 босқынды түсірген болатын. Кеме тікұшақтар мен жағалау күзетінің корабльдерінен сытылып шыққан, олар тәртіп бұзушы кемені сол күйі таппады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы