«Тұңғыш Президент туралы» заң қашан жойылады
Әділет министрі Қанат Мусин «Тұңғыш Президент туралы» заңға қатысты айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Заңның күші Парламенттің қаулысымен жойылады. Парламент бізде заңды қабылдайды. «Тұңғыш Президент туралы» заңның күшін жою үшін тиісті заң қабылданып, қаулыны қабылдау керек, - деді Қанат Мусин Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.
Сонымен бірге Мусин қазіргі уақытта үкімет заң әзірлеп жатқаны жоқ екенін атап өтті. Бізде халықтың әл-ауқатын арттыруға және Президенттің жолдауында алға қойған міндеттерге қатысты басқа да мәселелер жеткілікті. Біз бұл бағытта жұмыс істеп жатырмыз, - деп толықтырды сөзін Әділет министрі Қанат Мусин.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да өз үйінде әкесі мен ұлының денесі табылды
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы