Тұңғыш Президент күніне орай көрме ұйымдастырылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанайда полицейлер Тұңғыш Президент күніне көрме ұйымдастырды, деп хабарлады Polisia.kz. 

ҚР Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында Қостанай облысының полиция департаментінде Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханамен бірлесіп «Ұлы тұлға есімі – мәңгі тарих бесігі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Көрменің мақсаты – ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы, қоғамның жаңаруы мен жаңғыруындағы тарихи рөлі мен үлесін көрсету, тәртіп сақшыларының патриоттық сезімін қалыптастыру. 

Департамент қызметкерлерінің назарына Елбасының өмір жолы, балалық және жастық шағы, жұмысшы мамандығын игеру кезеңі, қоғамдық-саяси қызметі туралы қазақ және орыс тілдеріндегі кітаптар мен басылымдар ұсынылды. 

Тұңғыш Президенттің өмір жолын зерделей отырып, тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихын көруге болады, - дейді Департамент қызметкері Ринат Кенжебаев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы