«Түнгі қаладағы балалар» рейді жүріп жатыр – ШҚО
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелері әкімшілік айыппұл төлейді, деп хабарлайды Алтайньюс.
Полицейлер мен жұртшылық өкілдері 27 маусымнан бастап «Түнгі қаладағы балалар» рейдін өткізуде. Кешкі уақытта екі күн ішінде кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз кешкі немесе түнгі уақытта қоғамдық орындарда болу жағдайларын анықтау мақсатында ювеналдық полиция қызметкерлері, педагогикалық ұжымдар мен жедел – жастар жасақтары қатарынан арнайы топтар облыс бойынша көшелер мен ойын-сауық орындарын патрульдеген.
Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасында «сұраныс» деп аталатын ойын-сауық орындарын тексереді. Компьютерлік клубтар, саяжайлар мен саяжай алқаптары, егістіктер, үйлердің жертөлелері, ойын-сауық орындары мен алкоголь және темекі өнімдерін сата алатын азық-түлік дүкендері құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Мысалы, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынбақ.
Екі күн ішінде 286 әкімшілік бұзушылық анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке 266 заңды өкіл тартылды, оның ішінде 24-і ата-ана міндеттерін орындамағаны үшін және 242 заңды өкілі кәмелетке толмаған балаларының заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін. Сонымен қатар, қызметкерлері кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сатқан алты азық-түлік дүкенінің иелеріне әкімшілік айыппұл салынады, - деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.