10 Сәуір 2025 2025, 04:17 Фото: Erika Santelices / Reuters

Түнгі клубтың төбесі құлады: қаза тапқандар саны 124-ке жетті

Доминикан Республикасында түнгі клубтың төбесі құлаған кезде қаза тапқандар саны 124 адамға жетті.

Доминикан Республикасында түнгі клубтың төбесі құлаған кезде қаза тапқандар саны 124 адамға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ el avance-ке сілтеме жасап.

Jet Set түнгі клубында қайғылы оқиғадан қаза тапқандар саны 124-ке жетті, - деп жазды басылым.

Сонымен қатар, ғимараттың төбесі құлағаннан кейін 155 адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылғаны айтылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, Доминикандағы түнгі клубтың төбесі 8 сәуірде әнші Робби Перестің кеші кезінде құлады. Оқиғаның нақты себебі әлі анықталмаған.

Дәрігер Вальдо Ариэль Спироның айтуынша, жоғалғандар мен қайтыс болғандар арасында денсаулық сақтау мамандары да бар.