Түнгі кезекшілікті “жеңілдеткісі келген”. 10 науқасты өлтірген медицина қызметкері сотталды
Германияда мейіргер түнгі кезекшілікте болғанда науқастарды өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі DW-ға сілтеме жасап.
Германияның Ахен қаласының соты 44 жастағы бұрынғы санитарды он науқасты өлтіргені және тағы 27 адамды өлтіруге оқталғаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырды.
Ер адам ауыр халдегі науқастарға тыныштандырғыш және ауырсынуды басатын дәрілердің өлімге әкелетін дозасын енгізген. Сот "кінәнің ерекше ауырлығын" анықтап, мерзімінен бұрын босатуға мүмкіндік бермейтін үкім шығарды.
Қылмыстар 2023 жылдың желтоқсаны мен 2024 жылдың мамыры аралығында Ахен маңындағы Вюрзелен қаласының клиникасында жасалған.
Тергеу мәліметінше, қылмыстардың себебі – түнгі кезекшілік кезінде жұмысын жеңілдету ниеті болған. Алайда айыпталушы өз кінәсін мойындамаған және науқастардың өлімін жеделдетуді мақсат етпегенін айтқан.
Прокуратура мейіргердің бұрын жұмыс істеген басқа мекемелердегі жағдайларды да тексеріп жатыр және жаңа айыптар тағылуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.