«Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасында 471 жасөспірім ішкі істер органына жеткізілді – Түркістан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасымен, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, облыс аумағында «Түнгі қаладағы балалар» алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Шара аясында ішкі істер органдарына 471 кәмелетке толмағандар жеткізілді. Оның ішінде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылғаны – 2, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны – 361.
ІІО-ның профилактикалық есебіне қойылғандардың барлығы – 83, оның ішінде құқық бұзушылыққа бейім – 41 кәмелетке толмағандар және 42 қолайсыз отбасы ішкі істер органының есебіне алынды.
Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға 28 іс-құжат жолданды. Сонымен қатар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 9 ата-анаға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы «Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» бойынша әкімшілік хаттама түзілді.
Түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 5 ойын-сауық орындарының иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы «Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Кәмелетке толмағандарға темекі өнімін сатқаны үшін 6 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 133-бабымен, кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқаны үшін 8 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша, жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекі өнімін сатқаны үшін 4 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабымен, кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдік ішіп, қоғамдық орында масаң күйде жүрген 3 жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы 2-бөлігі бойынша, кәмелетке толмағандардың ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 6 жасөспірім анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 6 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 314 ата-анаға ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды, – делінген хабарламады.