2 Қазан 2026, 00:12
Фото: polisia.kz
Түнгі дрифт: елордада қауіпті маневр жасаған жүргізуші жазаланды
Жүргізушінің әрекеті салдарынан жол жабыны зақымдалды.
Астанада полиция Mercedes-Benz көлігімен дрифт жасап, арнайы жарық сигналдарын қоспай, қауіпті маневрлер жасаған 18 жастағы жүргізушіні анықтады.
Жүргізушінің әрекеті салдарынан жол жабыны зақымдалды.
Аталған факті бойынша жүргізуші маневр жасау қағидаларын бұзғаны, жолды бүлдіргені, міндетті сақтандыру шартын жасамағаны, қарсы бағыттағы көлік қозғалысына арналған жолаққа шыққаны, сондай-ақ тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот шешімімен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды.