Түнде кетіп, бақылауға ілінді: 35 сотталғанның тәртіп бұзғаны білезік арқылы әшкереленді
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылордада пробация есебіндегі азаматтар арасындағы 35 құқық бұзушылық электронды білезік арқылы анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қызылорда облысында пробация қызметінің бақылауында тұрған азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалауға бағытталған электронды білезіктер тиімділігін көрсетуде.
Жыл басынан бері осы құрылғылардың көмегімен 35 құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде 31 жағдайда сотталғандар түнгі уақытта мекенжайын рұқсатсыз тастап кетсе, тағы 4 дерек – әкімшілік аумақтан пробация қызметінің келісімінсіз шыққан азаматтарға қатысты тіркелген.
Электронды білезіктер – жазаны өтеу тәртібін бірнеше рет бұзған, шартты түрде сотталған немесе қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп төндіруі мүмкін адамдарға қолданылады. Бұл құрал тәулік бойы үздіксіз бақылау жүргізуге, сондай-ақ сот жүктеген шектеулердің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері үш сотталған азамат электронды құрылғыны қасақана зақымдау немесе шешіп тастау әрекетімен жауапкершілікке тартылды. Салыстырар болсақ, өткен жылы мұндай жеті дерек тіркелген.
Жуырда тағы бір есептегі азаматқа электронды білезік тағылды. Ол пробация қызметінің талаптарын жүйелі түрде орындамаған, сот жүктеген міндеттерден жалтарған. Қазір ол бақылауға алынып, қадағалау құралымен жабдықталды.
Өзім кінәлімін. Ұрлық жасағаным үшін жауап беріп жатырмын. Құрылғы маған кедергі емес, керісінше тәртіпке келтіріп отыр. Құқық бұзуға ниетім жоқ. Жазамды өтеп, пробация есебінен шығуды қалаймын, - дейді есептегі азамат.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті пробация қызметі алдағы уақытта да сотталғандарды қоғамға бейімдеу, тәртіпке салу және құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысын жалғастыра бермек.
- Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 12:19
- Жыл соңына дейін Қазақстанда цифрлық жұмыспен қамту қызметі іске қосылады 12:15
- Freedom Bank клиенттерінің шотындағы ақша жоғалып кеткен: Банк түсініктеме берді 12:14
- Бектенов eGov GPT арқылы көрсетілетін қызметтер санын 150-ге жеткізуді тапсырды 12:09
- «Ұмай» әйелдер ипотекасы қашан іске қосылатыны айтылды 12:06
- Астанада полицей кәмпитке қақалып қалған баланың өмірін сақтап қалды 11:39
- Ипотеканы рәсімдеу 10-15 минутқа дейін қысқарды – Отбасы банк 11:18