Бүгiн 2026, 03:40 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

"Түн – көшеде билеу үшін емес": Семейде тыныштықты бұзғандар жауапқа тартылды

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері назардан тыс қалмайтынын және заңға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Семей қаласында қоғамдық тәртіпті бұзған 21 жастағы жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Абай облысының Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тәртіп бұзған – Toyota көлігін басқарған 21 жастағы жүргізуші. Ол 2026 жылғы 5 сәуірге қараған түні шамамен сағат 02:00-де тұрғындардың тыныштығын бұзған.

Аталған факті бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437-бабына сәйкес, түнгі тыныштықты бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері назардан тыс қалмайтынын және заңға сәйкес жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.