Түмен облысында шетелдегі қазақтардың құрылтайы өтті
Түмен облысында шетелдегі қазақтардың құрылтайы өтті. Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен 17 мыңнан астам адам қатысты. Шағын құрылтай Түмен облысында 1997 жылдан бері жыл сайын ұйымдастырылып тұрады деп хабарлайды BAQ.KZ qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Ал мұндай ауқымды жиын биыл алғаш рет өткізіліп отыр.
Шеттегі қазақтар үшін құрылтай басты мерекелердің бірі. Жыл сайын Түмен облысында қандастарымыз бас қосып, өзекті мәселелерді талқылайтын. Биыл шараның маңызы арта түсті. Жиында өткен бес жылға есеп беріліп, келешекке жоспар бекітілді.
Өз тарихи Отанымызды ешқашан ұмытпаймыз. Өз дәстүрімізді, тілімізді сақтап, өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп келеміз. Мәдени-гуманитарлық жобалардан бөлек, екіжақты экономиканың дамуы үшін де түрлі жобаларды қолға алдық, - дейді Түмен қазақтары Ұлттық мәдени автономиясының төрағасы Есенғали Ыбыраев.
Жалпы Түмен облысында 150-ден астам ұлт өкілі тұрады. Мұнда соңғы жылдары қазақтардың саны үш есе өскен. Яғни 18 мыңнан 39 мың адамға жетті. Өңірде қазақ мәдени орталықтары жұмысын жандандыруда. Сондай-ақ қазақ тілі үйірмелерінің санын арттыру жайы да жоспарда.
Қазіргі уақытта қазақ тілін оқығысы келетін адамдар көп. Студенттер келеді, үлкен кісілер де білгісі келеді. Мен әрқашан айтамын-әрбір отбасында қазақша сөйлеу керек. Ол біздің қуанышымыз, жетістігіміз, - дейді Қазақ мәдени орталығының жетекшісі Гүлмира Еркімбекова.
Құрылтай аясында Түменде 15 киіз үй тігіліп, ақ дастархан жайылды. Ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көптің қызығушылығына ие болды. Ат жарысы, күрес, гір көтеру сияқты спорттық ойындар да кіл мықтылар анықталды.