«Тұмар» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Тұмар» ұлттық телевизиялық бәйгесі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп жатыр.


Өкінішке қарай, қоғам әлі де әлемдік пандемияның ықпалында. Сондықтан «Тұмар» бәйгесі екінші рет онлайн форматта өткізіліп жатыр. Биыл 48 отандық телевизия өкіліне «Тұмар» сыйлығы табысталады. Олардың ішінде танымал режиссерлер, кәсіби операторлар мен журналистер бар. Сөз жоқ, олардың жасаған жұмыстары мен жобалары отандық телевизияның кәсіби деңгейін арттырып, биікке көтереді деп үміттенеміз. Дегенмен бүгінгі таңда рухани құндылықтар мен интеллектуалдық жобалар медиаөнімдеріне қойылатын басты талап, - деді Балаева.

«Тұмар» сыйлығын алғандар:

- «Үздік ақпараттық бағдарлама» - «Аналитика», «Еуразия» Бірінші телеарнасы;

- «Үздік тележурналист» - Руслан Идрисов, «Atameken Business» телеарнасы; 

- «Үздік деректі фильм» - «Нығмет Нұрмақов. Төртінші Премьер-Министр», «Сарыарқа» телеарнасы; 

- «Үздік тележүргізуші» - Камила Жүсіпова, «КТК» телеарнасы; 

- «Үздік әлеуметтік жоба» - «Теледәрігер», «Qazaqstan» ұлттық арнасы; 

- «Үздік ойын-сауық бағдарламасы» - «Жүзден жүйрік», «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы; 


- «Үздік аймақтық телеарна» - «Ирбис TV» – Павлодар қ.;

- «Үздік режиссерлік жұмыс» - «JOL» – «НТК» телеарнасы «Үздік телевизиялық сериал» - «Абай жолы» – «Хабар» телеарнасы;

- «Үздік ток-шоу» - «Aitarym bar» – «Astana TV» телеарнасы;

- «Тұмар» ұлттық сыйлығының арнайы сыйлығы – «Хабар 24» телеарнасы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы