Жамбыл облысында тұман салдарынан ірі жол апаты болды

Астана, BAQ.KZ. 2019 жылдың 1 ақпаны күні сағат 17:10 шамасында "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тас жолының 552-шақырымында қалың тұманның салдарынан бір бағытта бет алған жеті көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салдарынан, Жуалы аудандық орталық ауруханасына бір адам, Тараз қалалық №1 ауруханаға екі адам жатқызылды, қаза болғандар жоқ.

Аталған дерек бойынша жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1,2-бөліктері бойынша хаттама толтырылды. Барлық жеті көлік құралы айыптұраққа қойылды.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.


 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы