Тұман, жел, көктайғақ: Астана мен Алматыдағы алдағы үш күнге ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Астана мен Алматы қалаларында 28, 29 және 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Астанадағы ауа райы
28 қаңтар
Аспан бұлтты, кей уақытта аздаған қар жауады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 1-6 метр. Ауа температурасы түнде –25…–27°, күндіз –15…–17°.
29 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде –20…–22°, күндіз –10…–12°.
30 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде –15…–17°, күндіз –8…–10°.
Алматыдағы ауа райы
28 қаңтар
Аспан бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде –3…–5°, күндіз +1…+3°.
29-30 қаңтар
Аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде –5…–7°, күндіз –2…–4°.
Еске салсақ, Қазақстанда ақпан айында күн райы қандай болатыны туралы толық болжамды жарияладық.
Сондай-ақ, Астанада аяз қашан қайтатыны да хабарланды.