Бүгiн 2026, 06:35 Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Тұман, жаңбыр және дауыл: бірқатар өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.

Қазақстанның бірқатар өңірінде бүгін, 28 наурызда дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, елдің көптеген аймағында тұман, жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және екпінді жел күтіледі.

Атырау және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде тұман мен шаңды дауыл болжануда. Желдің екпіні 15–23 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл, екпінді жел және тұман күтіледі.

Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман мен желдің күшеюі болжануда.

Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстарында тұман, ал Алакөл маңында желдің екпіні 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысында тұманмен қатар жолдарда көктайғақ күтіледі.

Астана қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарды сақ болуға шақырады.