Кеше 2026, 02:34 Фото: BAQ.KZ архиві

Тұман, жаңбыр, қатты жел: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.

"Қазгидромет" РМК бүгін, 14 сәуірде Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін тұман, жаңбыр, найзағай, қатты жел және кей өңірлерде шаңды дауыл күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 23–28 м/с-қа, кейде 30 м/с-тан асады.

Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ пен қатты жаңбыр болжануда. Кей өңірлерде желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында шаңды дауыл күтіледі.

Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында түнгі және таңғы уақытта тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ, ал Жамбыл және Алматы облыстарында өрт қаупі жоғары.

Синоптиктер тұрғындарға ауа райының қолайсыздығына байланысты сақтық шараларын сақтауды ескертеді.