Бүгiн 2026, 01:29 Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Тұман, жаңбыр, найзағай: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтарға жолда сақ болуға, жүргізушілерге көріну нашар болған жағдайда жылдамдықты азайтуға, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Синоптиктер бүгін, 29 наурызда Қазақстанның 16 өңірінде ауа райының күрт өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіліп, Петропавл, Орал, Көкшетау, Өскемен және Семейде көріну нашар болады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Шымкент, Атырау және Қызылорда облыстарында күндіз жаңбыр мен найзағай күтіліп, кейбір таулы және оңтүстік аудандарда шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыс және шығыс жел кей өңірлерде 15-25 м/с жылдамдықпен соғып, Маңғыстау, Түркістан, Шымкент, Жетісу және Қызылордада жел екпіні 15-20 м/с болады.

Жамбыл мен Қызылорда облыстарының таулы және шығыс аймақтарында өрт қаупі жоғары, ал Алакөл мен Жетісу өңірінде желдің екпіні 15-20 м/с.

Азаматтарға жолда сақ болуға, жүргізушілерге көріну нашар болған жағдайда жылдамдықты азайтуға, тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.