Тұман, жаңбыр, найзағай: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" тұрғындарды абай болуға, жолда сақтық сақтауға және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.
Қазақстанның 16 облысында бүгін, 27 наурызда дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Жетісу облысы – солтүстік-шығыс жел, Алакөл аудандарында 15–20 м/с, кей жерлерде 23–28 м/с күшіне жетеді.
Ұлытау облысы – тұман күтіледі, жел шығыс бағытта, таңертең және күндіз батыс пен солтүстік аймақтарда 15–20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысы – тұман, жел шығыс және солтүстік-шығыс бағытта, кей жерлерде 15 м/с, Қарағанда қаласында тұман байқалады.
Маңғыстау облысы – батыс, оңтүстік, орталық аймақтарда жаңбыр мен найзағай, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыс бағытта, 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Ақтауда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан облысы – таулы аймақтарда күндіз найзағай, жел шығыс бағытта, 15–20 м/с.
Ақтөбе облысы – жел шығыс бағытта, кей жерлерде 15–20 м/с.
Атырау облысы – батыс аймақта тұман, жел шығыс бағытта, шығысында 15–20 м/с.
Жамбыл облысы – оңтүстік және таулы аймақтарда тұман, кей жерлерде шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыс бағытта, 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с. Таразда түнде және таңертең тұман.
Алматы облысы – жел оңтүстік-шығыстан батысқа ауысады, таулы және шығыс аудандарда 18 м/с.
Павлодар, Абай, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Батыс Қазақстан облыстары – тұман, жолдарда гололед, кей жерлерде жел 15–20 м/с.
"Қазгидромет" тұрғындарды абай болуға, жолда сақтық сақтауға және ауа райының күрт өзгеруіне дайын болуға шақырады.