Кеше 2026, 23:27 Фото: BAQ.KZ архиві

Тұман, жаңбыр мен найзағай: 16 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Елдің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, жаңбыр, найзағай және күшейген жел болжанып отыр.

«Қазгидромет» РМК ертең, 24 наурызда Қазақстанның 16 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Елдің бірқатар өңірінде тұман, көктайғақ, жаңбыр, найзағай және күшейген жел болжанып отыр.

Астанада түнде және таңертең тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алматыда кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15 м/с-қа жетеді. Шымкентте желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Өңірлер бойынша:

  • Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында тұман мен көктайғақ күтіледі;
  • Атырау және Қызылорда облыстарында жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болуы мүмкін;
  • Алматы, Жетісу және Жамбыл облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай және қатты жел болжанады;
  • Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында тұман мен көктайғақ сақталады;
  • Маңғыстау облысында найзағай мен тұман, желдің күшеюі күтіледі.

Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.