22 Наурыз 2024 2024, 08:03 Фото: BAQ.KZ архив

Тұман, жаңбыр: 22 наурызда ауа райы құбылмалы болады

Бүгін еліміздің оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр, қар жауады, кей уақыттарда жел күшейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет"РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамы бойынша, республиканың солтүстік жартысында атмосфералық қысымның жоғарылауы әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Ертең ел бойынша тұман түседі, шығыста көктайғақ болады, елдің оңтүстігінде найзағай ойнайды.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.