Бүгiн 2026, 02:29 Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

Тұман, жаңбыр: 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, әсіресе жолда және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.

«Қазгидромет» РМК бүгін, 20 сәуірде еліміздің 14 облысында және Алматы қаласының таулы аймақтарында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірлерде тұман, жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл және күшті жел күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.

Алматы таулы аймақтарында, соның ішінде Медеу мен Бостандық аудандарының биік бөліктерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Алматы облысының таулы және шығыс бөліктерінде де осындай құбылыстар болжануда.

Қарағанды облысы мен Ұлытау облысы аумағында түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Ақтөбе облысы, Атырау облысы және Батыс Қазақстан облысы аумақтарында жаңбыр мен найзағай болжанып отыр. Кей жерлерде жел күшейеді.

Қызылорда облысы мен Маңғыстау облысында шаңды дауыл қаупі бар. Маңғыстауда кей аумақтарда найзағай мен тұман да күтіледі.

Жетісу облысы мен Жамбыл облысында жоғары және төтенше өрт қаупі сақталып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы және Шығыс Қазақстан облысы өңірлерінде де тұман күтіледі.

Мамандар тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты сақ болуға, әсіресе жолда және таулы аймақтарда қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.