Тұман түсіп, жел күшейеді: Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 25 м/с жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с болады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде көктайғақ болады.
Түркістан облысының таулы аймақтарында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр жауады. Облыстың солтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады.
Қызылорда облысында жел шығыстан соғады. Түнде облыстың орталығында, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.