Кеше 2026, 22:30 Фото: unsplash.com

Тұман түседі: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ертең елдің солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығысында жел күшейеді.

"Қазгидромет" ел аумағы бойынша 2026 жылғы 25 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Болжам бойынша, сәрсенбі күні еліміздің басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады.

Тек елдің батысында атмосфералық фронттардың әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Республика бойынша тұман түседі, солтүстік пен орталық өңірлерде көктайғақ болады. Сондай-ақ солтүстік, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.