Бүгiн 2026, 04:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Тұман, қатты жел: 15 облыста дауылды ескерту жарияланды

Түнде және таңертең кей өңірлерде көрініс шектеулі болуы мүмкін, жол қозғалысы абай болуды талап етеді.

«Қазгидромет» РМК бүгін,17 наурызда Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер тұрғындарды абай болуға шақырады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жетісу облысы (Алакөл ауданы) – оңтүстік-шығыс желдің екпіні түнде 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.
Атырау облысы – оңтүстік және шығыс аймақтарда шаңды дауыл, жел 15–20 м/с.
Түркістан облысы – таулы және қала аудандарында тұман, жел 15–20 м/с; Шымкентте түнде және таңертең тұман күтіледі.
Ақтөбе, Қызылорда, Қарағанды, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Абай, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан – тұман, кей жерлерде жолдарда көктайғақ; желдің екпіні 15–25 м/с.

Түнде және таңертең кей өңірлерде көрініс шектеулі болуы мүмкін, жол қозғалысы абай болуды талап етеді.