"Тұман, көктайғақ, қатты жел". 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК 2 қарашада Қазақстанның 14 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Талдықорғанда 2 қарашада сынап бағаны 3-5 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің тау асуларындағы екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістанда 2 қарашада төтенше өрт қаупі сақталады.
Түнде Ақтөбе облысының батысында, орталығында нөсер жаңбыр болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-18 м/с құрайды.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп болжанады. Солтүстік-батыстан соққан желдің облыстың шығысындағы екпіні 15-20 м/с құрайды.
Күндіз Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Түнде және таңертең Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Оралда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Павлодарда 2 қарашада түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Петропавлда 2 қарашада түнде және таңертен тұман болады деп болжанады.
Күндіз Қызылорда облысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің батыстағы екпіні 15-20 м/с болмақ. Төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылордада 2 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде және таңертең Алматы облысының таулы аудандарында тұман болады деп күтіледі.
2 қарашада Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман болады деп күтіледі.