Тұман, көктайғақ: Астана мен 14 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 22 қарашада Астана қаласында және Қазақстанның 14 облысында қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Елдің көптеген өңірлерінде тұман, көктайғақ, қарлы боран, сондай-ақ желдің 15-20 м/с дейін күшейеді.

Негізгі болжамдар:

Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстары – түнде және таңертең тұман.

Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ұлытау, Қарағанды облыстары – көктайғақ, боран, тұман, екпінді жел.

Шығыс Қазақстан және Абай облыстары – жаңбыр мен қар, қалың жауын-шашын, боран, көктайғақ, желдің күшеюі.

Жамбыл, Жетісу облыстары – таулы аумақтарда тұман, жел 23–28 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары – тұман, көктайғақ.

Астана қаласы – көктайғақ, түнде және таңертең тұман.

Төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды жолда сақ болуға, ауа райы нашарлаған жағдайда ұзақ сапарды кейінге қалдыруға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы