Тұман, бұршақ: 17 облыста дауылды ескерту жарияланды

Ертең, 2 қыркүйекте, Қазақстанның барлық дерлік өңірлерінде қолайсыз ауа райы болады деп болжанып отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Түркістан және Қызылорда облыстарында шаңды дауыл соғып, желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетуі мүмкін. Маңғыстауда қатты ыстық болады, кей жерлерде ауа температурасы +38°С-қа дейін көтеріледі.

Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында қатты жаңбыр жауып, бұршақ пен найзағай күтіледі. Жел екпіні 23 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

 Павлодар мен Ақмола облыстарында да найзағай күтіліп, тұман түсуі мүмкін.

Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында +35°С ыстық болады деп болжануда. 

Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман күтіледі.

Жетісу мен Алматы облыстарында да жел күшейіп, таулы аймақтарда екпіні 20 м/с-қа дейін барады.

Қазгидромет мамандары бірқатар облыстарда төтенше өрт қаупі сақталатынын ескертеді.

Төтенше жағдай қызметтері тұрғындарды ауа райы болжамына құлақ асып, сақтық шараларын сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы