Түлкібаста страйкболдан халықаралық ашық чемпионат өтіп жатыр

Түркістан облысында алғаш рет халықаралық деңгейде «EAGLES OF TURKISTAN» атты страйкболдан (Airsoft) ашық чемпионаттың ашылуы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Екі күнге созылатын тартысты сайыс Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен табиғаты әсем Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында ұйымдастырылды.

Жастардың сұранысы негізінде қолға алынған іс-шараның мақсаты – өңірде спорттық және экстремалды туризмді дамыту, шетелдік ойын қатысушыларына Түлкібас ауданының туристік потенциалы мен табиғи көрікті жерлерін таныстыру, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру.

Ашық чемпионатқа Қазақстанның Алматы мен Ақмола облыстары, Алматы және Шымкент мегаполистерінің ойыншыларынан бөлек, Қырғызстан елінен 3 команда қатысуға қызығушылық танытты.

Бүгін топтық ойында жалпы 70 қатысушыдан құралған 10 команда бақ сынасып, іріктелгендер финалдық бәсекеде сынға түседі. 16 шілде күні жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

Айта кетейік, «EAGLES OF TURKISTAN» ашық чемпионатының жалпы жүлде қоры 1 500 000 млн теңгені құрайды. Жобаның басты серіктестері — «Vellini Airsoft» дүкені және «Red Bull» энергетикалық сусындар компаниясы. 
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы