Түлкібас ауданындағы тоннель іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түлкібас ауданындағы тоннельдің сол жағы бойынша қозғалыс жуықта ашылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол»-дың баспасөз қызметі хабарлады.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» Халықаралық транзиттік дәлізді жаңарту жобасы бойынша Шақпақ баба кентінде «Қорғас–Алматы–Тараз–Шымкент–Ташкент» 593 - 632 шақырым тоннель құрылысы жобасы іске асырылуда.
Тоннельдің жалпы ұзындығы 40,53 шақырымды құрайды.
Жуықта Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің, «Евраскон» ААҚ мердігерлік ұйымының, «Temelsu consult» техникалық қадағалау қызметінің қатысуымен Түлкібас ауданында тоннелінің құрылысы жобасын іске асыру мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді, - делінген хабарламада.
Қоғамдық тыңдау барысында әлеуметтік-экологиялық сипаттағы мәселелер, сондай-ақ, жобаны іске асыруды аяқтау мерзімдері туралы сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар жоғарыда аталған комиссия тоннель құрылысының жұмыстарын тексерді. Қазіргі уақытта тоннельдің сол жағын тесу аяқталды.
Бетон жұмыстары аяқталуда. Содан кейін жол төсемінің құрылымдық қабаттары бойынша жұмыстар басталады. Ол аяқталысымен тоннельдің сол жағы бойынша қозғалыс ашылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Камчаткадағы ұшақ апаты: 19 жолаушының денесі табылды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы