"Түлкібас-Арыс" учаскесінде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді
"Түлкібас-Арыс" учаскесінде жүк вагондарының жолдан шығып кету жағдайы болған жерде пойыз қозғалысы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, кешіктірілген пойыздардың жолаушылары тамақ және ауыз сумен қамтамасыз етілді.
492 жолаушыны жеткізу үшін 5 автобус ұйымдастырылды. Жүк вагондарының жолдан шығып кету салдарын жоюға үш қалпына келтіру пойызы және 100-ден астам теміржолшы жұмылдырылды. Компания жолаушылардан келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және пойыздардың кідіру уақытын қысқарту мақсатында қажетті шараларды қабылдауда. Анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі арқылы алуға болады, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, кеше Түркістан облысында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткені белгілі болды. Кейіннен вагондағы өрттің сөндірілгені хабарланды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы