"Тұғырыл хан" кітабы таныстырылды

Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда тарихи деректер топтастырылған "Тұғырыл хан" кітабының таныстырылымы өтті.


Бұл кітапқа "Моңғолдың құпия шежіресінен" бастап, Қадырғали Жалайридің "Тауарих хамсасындағы", өзге де тарихи еңбектердегі "Тұғырыл хан" туралы деректер топтастырылды. Қолымызға тиген, өзіміз ізденіп тапқан мәліметтердің барлығын енгізуге тырыстық. Бұл деректік кітапқа енбей қалған мәліметтер де болуы мүмкін. Алдағы уақытта да кітап толықтырыла береді, - дейді кітаптың редакторы, жазушы Жәди Шәкенұлы.

Аталған кітап құзіретті мекемелер мен аудан, ауылдардағы барлық кітапханаға сыйға беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Көкшетауда Елбасының" Ұлы даланың жеті қыры", "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша "Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өтіп жатыр.

Аталған іс-шараға мемлекет және қоғам қайраткерлері мен көрнекті ғалымдардан – Зиябек Қабулдин, Бүркітбай Аяған, Қаржаубай Сартқожа, Жандарбек Мәлібеков, Серік Негимов қатарлы тарихшылар мен БАҚ өкілдері қатысып жатыр.

Бұған дейін, Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің Тарих факультетінде оқитын екі студентке "Тұғырыл хан" атындағы стипендия тағайындалғаны хабарланған.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы