Екі студентке "Тұғырыл хан" атындағы стипендия тағайындалды
Көкшетау, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетаудағы Шоқан Уәлиханов атындағы университеттің Тарих факультетінде оқитын екі студентке стипендия тағайындалды.
Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" және "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру бойынша Көкшетауда өтіп жатқан "Отан тарихындағы тұлғалардың рөлі" атты республикалық ғылыми-теориялық конференция барысында "Тұғырыл хан - Он хан" корпоративтік қоры осындай шешім қабылдады.
Қор басшысы Асылхан Игібаевтың айтуына қарағанда бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Бұл бізге артылған үлкен сенімнің белгісі. Алдағы уақытта да ел тарихына, ата-бабамыздың аманатына адалдық танытып, терең зерттеу жасайтын боламыз, - дейді Тұғырыл хан атындағы стипендия иегері, 3-курс студенті Анар Жолдасова.
Аталған стипендияны осы оқу орнының 2-курс студенті Райымбек Көшербаев та иеленді.
Стипендия көлемі - 30 мың теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлі күнге дейін қағаз құжаттар талап етіледі – президент
Өзгелердің жаңалығы