Тұғырлы Тәуелсіздік. Халық қалаулылары мерекемен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина мен Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Асхат Сүлейменов Тәуелсіздік мейрамымен құттықтады.

Құрметті ағайын, мереке күндері біз өзімізге «Тәуелсіздік бізге не берді?» деген сұрақ қоямыз. Біріншіден, рухымыз көтеріліп, ұлттық намысымыз оянып, дінімізге оралып, ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді жаңғыртып, өз тілімізде емін-еркін сөйлеуге мүмкіндік берді. Екіншіден, көк байрағымызды желбіреп, өзінің бірлігі мен сыйластығымен жарасқан қазақ елін әлемге танытты. Осы мереке баршамызға құтты болсын! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Келешегіміз баянды болсын. Әр отбасының төрінен бақыт пен ырыс кетпесін, - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсина. 


Өз кезегінде Ақмола облысы Аршалы аудандық мәслихатының депутаты Асхат Сүлейменов Тәуелсіздік жылдары елдің жеткен жетістігі мол екенін атап өтті. 

Ата-бабамыз ғасырлар бойы күресіп келген Тәуелсіздігіміздің үшінші онжылдығына қадам басқалы тұрмыз. Еліміз үшін бұл ең қадірлі әрі бағасы қымбат мереке. Тәуелсіздігіміздің қысқа ғана тарихына көз жүгіртетін болсақ, әрбір салада жетістіктеріміз ауыз толтырып айтарлықтай деңгейге жетті. Әлемнің дамыған мемлекеттерімен тереземіз тең болу үшін әрбір азаматтың қосар үлесі зор.Осы орайда, барлығыңызды атаулы мерекемен құттықтаймын. Әр шаңырақта молшылық пен бақыт, елімізде ынтымақ пен бірлік дәулет құрсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бақытымыз баянды болсын, - деді Асхат Сүлейменов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы