Туған күн иелері мен алғаш рет дауыс бергендерге сыйлық беріліп жатыр
Елордадағы №160 референдум учаскесінде 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс бергендерге және туған күн иелеріне арнайы сыйлық беріліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
№160 референдум учаскесі комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Жақышева референдум учаскесінің жұмысы жайлы айтты.
Бұл референдум учаскесінде 2 613 адам тіркелген.
Оның сөзінше, дауыс беруге келушілер саны айтарлықтай жақсы.
Ең алғаш рет дауыс беруге қатысқан қыз бала болды. Оған біз арнайы сыйлығын табыстап, құттықтадық. Сондай-ақ таңғы 7:00-де келген азаматтарға да сыйлық бердік. Оған қоса, бүгін туған күн иелеріне де сыйлық дайындап отырмыз. Тізімімізде 30 жасқа және 60 жасқа толып отырған дауыс берушілеріміз бар екен. Олар да келген соң өз сыйлықтарын алады. Жалпы адамдардың легі жақсы, толассыз келіп жатыр. Тіпті кезекте тұрып қалған кездер де болды. Соған қарағанда адамдардың көңіл-күйі өте жоғары, өте белсенді қатысып жатыр, - деді комиссия төрағасы.
Референдум учаскемізге ресейлік байқаушы да келіп, бағасын беріп кеткен.
Еске сала кетейік, бүгін елімізде АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум өтіп жатыр.