«Туған елге тағзым». Оқушылар арасында байқау өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 7-10 желтоқсан аралығында барлық Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы аясындағы жобалар мен шығармашылық жұмыстардың желілік байқауы өтіп жатыр. 

Қашықтан өтіп жатқан жобаға биыл қатысушылардың рекордтық саны тіркелді.  

2012 жылдан бастау алатын бұл жоба Қазақстан өңірлері халқының географиясы, тарихы, мәдениеті, өмір салты ерекшеліктеріне зерттеу жүргізу арқылы оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған.

Байқаудың мектепішілік кезеңінде 1 136 зерттеу және шығармашылық жұмыстар дайындалып, оның ішінен 200-ге жуық жоба іріктеліп алынды. 

Оқушылардың жұмыстары бірнеше бағыт бойынша бағаланады:

1) «Ұлы Дала өркениеті» – тарихи мұра маршруты; 
2) «Туған өлкем – жұмақ мекен» – табиғи қорықтар маршруты; 
3) «Ұлт руханияты – бабалар аманаты» – мәдени мұра маршруты; 
4) «Өндірістік инновация кепілі – зияткерлік әлеует» – инновациялық/өндірістік даму маршруты; 
5) «Селт еткізер ерен ой» - жобадан кейінгі шабыт – шығармашылық жұмыс бағыты;
6) «Туған жер – тұғырым» – үздік эсселер.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің атынан 22 оқушы қатысып жатыр. Жас зерттеушілер жеке және топ болып, «Платонус» Уикипедия ашық энциклопедиясына мақала шығару, Сәкен Сейфуллин атындағы мұражай жазушының өмірі мен шығармашылығының очеркі ретінде, Алжир – мәңгілік жүрегімізде, авиация және ғарыш бағытындағы «Жебе» сайт-журналы тақырыптарында өз жұмыстарын ұсынды.  

Teams платформасындағы «Туған елге тағзым» байқау жұмыстарын қорғау 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Зерттеу және шығармашылық жұмыстар желілік байқауының қорытындысы 2020 жылғы 14 желтоқсанда жабылу салтанатында жарияланады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы