Туған әкесін үйінен шығарғысы келген қыздың әрекеті сотта қаралды
Алматыда қызы тұрғын үйдің меншік иесі бола отырып, әкесін үйден шығаруды талап етті.
Талап қоюшы тұрғын үйге меншік құқығы өз атына тіркелгенін негізге ала отырып, әкесін үйден шығару туралы талап арызбен сотқа жүгінген.
Бірінші сатыдағы сот талап қоюды қанағаттандырған.
Алайда апелляциялық сатыдағы сот бірінші саты сотының шешімін жойып, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты. Жауапкер талап қоюшының туған әкесі болып табылады. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес, тұрғын үй меншік иесінің отбасы мүшелері тұрғын үйді меншік иесімен тең дәрежеде пайдалануға құқылы. Осылайша, жауапкер 2022 жылғы қыркүйек айынан бастап даулы тұрғын үйде заңды негізде тұрып келген және қазіргі уақытта да тұрып жатыр. Сонымен қатар, талап қоюшы осы уақыт аралығында оның үйде тұруына қарсылық білдірмеген, - деп хабарлады Азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың баспасөз қызметі.
Жауапкердің жалғыз баспанасына қатысты құқықтарының бұзылғанын ескере отырып, апелляциялық сот оны тұрғын үйден шығару туралы талап қоюшының талабын заңсыз деп таныды.
Азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот апелляциялық саты сотының қорытындыларымен келісіп, олардың Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес келетінін атап өтті және апелляциялық қаулыны өзгеріссіз қалдырды.
Еске салайық, бұған дейін әкелері қайтыс болғанын 4 айдан кейін естіген қыздары мұрагерлік құқығын растады.
- Сауд Арабиясы Оман арқылы мұнай жеткізілімін арттырмақ: Мұнай бағасы төмендеді 04:26
- Аяз, жаңбыр және тұман: 16 облыста дауылды ескерту жарияланды 03:41
- Еурокомиссия басшысы Канаданы ЕО-ның «қауымдастырылған мүшесі» етуді ұсынды 02:35
- Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонында ірі өрт шықты 01:28
- Сауалнама нәтижесі: Әлемде АҚШ-тың жаһандық көшбасшылығына қолдау төмендеді 00:31
- Астанада оқушылар кітапты ЖИ-мен бірге талқылайтын жоба іске қосылды 16.09.2026
- Алматыда кәсіпкерлерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен күдікті ұсталды 16.09.2026