Туды қорлағандар неше теңге айыппұл төлейді

Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні. Осы орайда отандастарымызға Туды қорлағандарға қандай айыппұл салынатынын еске салуды жөн көрдік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде Қылмыстық кодекстің "Мемлекеттік рәміздерді қорлау" туралы 372-бабына өзгерістер енгізілген болатын.

Өзгерістерде рәміздерді қорлау дерегі үшін айыппұл көлемі 3 000 АЕК-ке (1 АЕК – 2024 жылы 3 692 теңге) ұлғайтылды және қоғамдық жұмыстарға тартудың ең ұзақ мерзімі 600-ден 900 сағатқа дейін көбейтілді.

2024 жылдан бастап 1 АЕК 3 692 теңге, демек 3 000 АЕК 11 076 000 теңге болады.

Бүгін Астана қаласындағы “Атамекен” этно-мемориал кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. 

Сондай-ақ Алматыда рәміздер күнінде мемлекеттік ту көтерілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақорда
Өзгелердің жаңалығы